«Есімдер тарихы» психологиялық тренинг
Атырау сервис колледж психологы Калиева А.Х 2020-2021 оқу жылына қабылданған І курс Студенттермен психологиялық жаттығуларды zoom программасы арқылы жүргізді.
1.«Есімдер тарихы» танысу жаттығуы студенттердің бейімделуіне ықпал ету, топ студенттерінің бір бірімен жақын танысып, өзара ынтымақтастықта болуына ықпал ету.
2.Жаттығу «мен саған сыйлаймын» – қатысушылар бір – біріне алғыс айтып, бір – біріне жесттермен сыйлық сыйлайды. Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау, жағымды эмоционалды фонда бекіту.
Тренинг жақсы әдістемелік кезеңде өтті. Студенттер тренингке қызығушылықпен, жағымды атмосферамен қатысты. Бұл шара топ ішінде сенімділікті, ашықтықты, ұжымшылдықты дамытуға ықпал етті.