Емтиханға дайындалу кезінде есіңізде болсын!
- Емтиханға семестрдің алғашқы күнінен бастап дайындалыңыз: дәрістерді жіберіп алмаңыз, дәріс материалдарын жинақтап барлық практикалық жұм ыстарды орындаңыз.
- Емтихан алдында (шамамен бір ай бұрын) материалды қайталауды және жалпылауды бастау керек.
- Емтиханға күн сайын бір бөлмеде және сол жұмыс орнында дайындалу ұсынылады, өйткені бұл жағдайда қоршаған орта мен ақпаратты өңдеу процесі арасында жағымды әсер ететін байланыс орнатылады.
- Қайталауды дәрістерді оқудан бастағаныңыз жөн. Тақырып бойынша материалды мұқият оқып шыққаннан кейін тақырыптар мен бөлімдерді мұқият қайталауға көшіңіз. Қайталаудың осы кезеңінде мұғалім ұсынған оқулық пен қосымша әдебиеттерді пайдалану керек. Тек қайталанатын жазбалармен шектелудің қажеті жоқ.
5.Тақырыптар бойынша материалдарды қайталай отырып,оның нақты игерілуіне қол жеткізу қажет. Қайталау кезінде мынадай әдістерді қолдану ұсынылады:
а)материалды өзіңізге ішіңізден айту немесе дауыстап айту;
б) өзіңізге түрлі сұрақтар қойып және соған жауап беру (өзін – өзі бақылауды қолдану) ;
в) материалды жинақтап, жүйелеп қайталауға көмектесетін қосымша жабалар, диаграммалар жасаңыз;
г) жолдастарына қайталанған материалдарды айту, олардың сұрақтарына жауап беру;
д) туындаған барлық түсініксіз сұрақтарды дәптерге жазып, қайталап және қорытындылап, оларды консультация барысында міндетті түрде талқылау;
е) қайталау емтиханға бір күн қалғанда аяқталуы тиіс, осылайша қайталанған және жинақталған материал есте жақсы сақталады;
Емтихан алдында:
- Ақыл – ойдың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз, режимді сақтаңыз, тынығыңыз.
- Түн ортасына дейін отырмаңыз. Демалыс кезінде жолдастарыңыздың дайындалуына кедергі келтірмеңіз.
- Емтихан алдындағы күні тыныш жерде (орман, саябақ) серуендеп, ойларыңызды жинақтап алған дұрыс.
- Таңертең таңғы ас ішіңіз. Сонда сіз емтиханға өте сергек және өз біліміңізге сенімді түрде келесіз.
- Емтиханнан кейінгі күннің қалған бөлігін демалуға, кинотеатрға немесе стадион,а баруға арнаңыз.