Әдептілік – адамгершіліктің белгісі
29 қазан күні Атырау облысы білім басқармасына қарасты «Атырау қызмет көрсету колледжінің» барлық оқу топтарында «Әдептілік – имандылық белгісі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өтті.
Тәрбиелік шараның мақсаты: Оқушыларға сыпайылық тақырыбын түсіндіру, қоғамдық көлікте үлкендерге жол беру. Іс-шараға студенттер белсенді қатысты. Кураторлар оларға әдептілік белгілерін, негізгі шарттарын, қарттармен қарым-қатынаста өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті.
Мұндай шаралар қоғамда өнегелі азаматтың жас ұрпағын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жастарымыз инабатты, өнегелі, саналы ұрпақ болып өссін!