Оқу бөлімі

03.11.2025 09:28

 

⠀   ҚР Ұлттық Банкі мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырған қаржылық сауаттылықты арттыру курсын сәтті аяқтадық.

Курс барысында жеке және отбасылық қаржыны басқару, жинақ жасау, инвестиция негіздері, қауіпсіз қаржылық шешімдер қабылдау бойынша маңызды білім мен дағдылар алынды.

📈 Қаржымен дұрыс жұмыс істей білу – әр адамға қажет өмірлік дағды.

#ҚаржылықСауаттылық #ҰлттықБанк #Өрлеу #ЖекеҚаржы #Инвестиция #Білім

23.10.2025 15:36

 

🔹 Шараның мақсаты — жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи білімін кеңейту және командалық рухты қалыптастыру.

Бұл сайысқа 4 студент және олардың кураторы қатысып, өз білімдері мен ұйымшылдығын жоғары деңгейде көрсетті.

🇰🇿 Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, рухымыз биік болсын!

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024

25.09.2025 10:23

 

Атырау сервис колледжінде бүгін жаңадан жұмысқа қабылданған оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған EDUS жүйесінде тиімді жұмыс жүргізу тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Семинарды бөлім меңгерушісі Дюсупова Маржангүл Сағынтайқызы жүргізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға: EDUS платформасында жұмыс істеу тәртібі, оқу жоспарларын енгізу, сабақ материалдарын жүйелеу, электронды журналдарды дұрыс жүргізу бойынша нақты әрі маңызды ақпараттар берілді.

Семинар практикалық форматта өтті: қатысушылар жүйеде жұмыс жасап көріп, өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Бұл шара – жас мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

25.09.2025 10:05

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай өткізілген “Қалдырған ізің мәңгілік” атты облыстық іс-шара аясында жас педагогтар арасында өткен “Білімділер квизі” интеллектуалдық ойынына колледжіміздің жас маманы, тарих пәнінің оқытушысы Кабиден Диляра Еркінқызы қатысып, жүлделі II орынға ие болды.

 

📚 Бұл жетістік – колледжіміздің жас кадрларының білімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Жүлделі орын құтты болсын!

Жас мамандарымыз әрдайым биіктен көріне берсін!

16.09.2025 15:41

Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынныңрухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тыңқырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Ұлыақынның 180 жылдық мерейтойы аясында колледжімізде «Абай –дана,Абай-дара қазақта» атты танымдық шара ұйымдастырылды.

«Бұл шараның мақсаты – Абайдың шығармашылығын білімалушыларға насихаттау. Сонымен қатар, Абай дүниесіне студенттердің ойын терең үңілтіп, түсіндіріп, адал азамат тәрбиелеуге бағыттау. Білімалушылардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге ықпал ету. 

Жастардың айтуынша, Абайдың 180 жылдық мерейтойы — тек бір ақынның жылдығы емес, ол бүкіл қазақ халқының рухани мұрасын қайта бағалап, оның терең философиясын бүгінгі күн тұрғысынан түсінуге ерекше мүмкіндік. Студенттер Ұлы ақынның қара сөздерін оқып, өлеңдерін жатқа айтты.

Абайдың ғұмыры өткенді еске алу ғана емес, болашаққа бағдар жасап, елімізді одан әрі дамытудың негізін қалауға күш салуымызды талап ететін бірегей уақыт. Осылайша, еліміздің мәдениеті мен тарихына құрмет көрсетіп, ұлт руханиятын дамыту бағытындағы маңызды қадам. Абай шығармалары әлі талай ғасырларға жететін азық боларысөзсіз.

#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov