Оқу бөлімі
Бүгін,яғни 23 желтоқсан күні 2курс " К-11"тобында "Қазақ тілі мен әдебиеті "пәнінен емтихан
басталар алдында пән мұғалімі Гулзия Беккалиевна студенттерді сынақ алдында бойларындағы
қорқыныш пен сенімсіздіктен арылтып, оларға бір серпіліс беріп, жүздеріне қуаныш ұялатып ,
бәрі жақсы болатындығына сенім барына сендіру үшін әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Алғашқы
сынаққа келген топ студенттерінің есік алдынан-ақ көңіл-күйлері көтеріліп, еркін түрде
амандасып,бойлары ширап,берілген аз ғана мүмкіндіктің өзі оларға қуаныш сыйлап қана қоймай,
мұғаліммен арадағы қарым-қатынасты нығайып, сынақтан сүрінбей өткен болатын.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov
Атырау сервис колледжінде жас маманның кәсіби жолдағы алғашқы қадамы ерекше форматта өтті. Ол «Мемлекеттік стратегиялар және Қазақстан Республикасының даму бағдарламалары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, тыңдаушыларға еліміздің қазіргі даму бағыттары, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары және негізгі мемлекеттік бағдарламалар туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.
Сабақ барысында:
• Қазақстанның стратегиялық құжаттары жан-жақты талданды;
• «Қазақстан–2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», ұлттық жобалар және өңірлік даму бағдарламалары қарастырылды;
• Студенттердің ойлау қабілетін дамытатын интерактивті тапсырмалар қолданылды;
• Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылауға белсенді қатысты.
Жас маман кәсіби шеберлігін көрсете отырып, заманауи педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланып, сапалы білім берудің үлгісін танытты.
📸 Бұл ашық сабақ жас маманның болашақтағы үлкен жетістіктерінің бастауы болғай!
#serviscol
Атырау сервис колледжінде ел мерекесіне арналған қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!
Республика күніне орай колледждің әлеуметтік серіктесі – «Eurasia Support Services» ЖШС өкілдері колледжге арнайы келіп, жұмысшы маман иелеріне қамыр жайғыш машинаны сыйға тартты.
Шараға:
👩💼 Адам ресурстарын басқару бөлімінің директоры – Ихданова Гаухар,
👨💼 Өндірістік қатынастар және мемлекеттік органдармен байланыс басқармасының жетекшісі – Орынғалиев Ғафур,
👨🏫 Кәсіподақ төрағасы – Көшенов Марал,
🤝 Әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі үйлестіруші – Әбеуов Думан қатысты.
Қонақтар колледждің оқу шеберханаларымен танысып, студенттермен жылы әңгіме жүргізді. Болашақ мамандарға бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мәселесінде қолдау көрсететіндерін атап өтті.
Колледж әкімшілігі өз кезегінде серіктестікке шын жүректен алғыс білдіріп, екі жақтың ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
🎉 Республика күні құтты болсын!
Тәуелсіз еліміздің дамуы жолында еңбек ететін жастарымыздың болашағы жарқын болсын!
#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным.
Ақтау қаласында өткен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша ұйымдастырылған “Цифрлық модельдеу” құзыреттілігі бағытындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсында
Атырау сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері – Сисен Айгүл Амандыққызы үздік өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленді! 🎉
Айгүл Амандыққызының еңбегі мен кәсіби шеберлігі жоғары бағаланып, сертификатпен марапатталды.
Бұл жетістік – ұстаздың өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің айғағы. 🌟
Жеңісіңіз құтты болсын, Айгүл Амандыққызы!
Жетістігіңіз жалғасын тауып, жаңа табыстар мен биік белестерге жете беріңіз!
#АтырауСервисКолледжі #КәсібиШеберлік #Құттықтаймыз #Жеңіс #ЦифрлықМодельдеу #Ақтау #БілімБерудегіЖетістік
















