Оқу процесі

15.10.2025 10:49

 

Атырау сервис колледжінің оқытушылары мен білім алушылары қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында республикалық деңгейде ұйымдастырылған қаржылық диктантқа белсене қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар мен педагогтердің қаржыға қатысты білімін тереңдету, жеке қаражатты дұрыс жоспарлау дағдыларын қалыптастыру және қаржылық мәдениетті дамыту болды

Диктант барысында қатысушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық жағдайларға байланысты тапсырмаларды орындап, өз білім деңгейін сынап көрді.

💡 Мұндай шаралар қаржылық сауатты ұрпақ қалыптастыруға және экономикалық тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосады.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

 

22.05.2025 09:55

🔹Атырау сервис колледжінде репродуктивті денсаулық апталығы шеңберінде колледждің психологы дене шынықтыру пәні оқытушыларымен бірлесе отырып, қыз балаларға арналған арнайы жаттығуларды қамтитын танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды.

 

🔹Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздардың репродуктивті саулығын нығайту, өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Жаттығулар дене мен жан саулығын үйлесімді ұштастырып, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024

22.05.2025 09:54

Атырау сервис колледжінде бітіруші түлектер мен бірінші курс білім алушыларына арналған маңызды психологиялық кездесу өтті. Іс-шараға колледждің педагог-психологы Калиева А.Х., Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының суицидологы, штаттан тыс психолог Ерекешова Нұрайым Сансызбайқызы, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Карсанбаева Венера Естайқызы және колледждің медбикесі Урашева М. Д бірлесіп қатысты.

 

Кездесу барысында “Өзін-өзі бағалау мен өзін қабылдау” және “Таңдау үшін жауапкершілік” тақырыптарында терең мазмұнды психологиялық сұқбат жүргізілді. Мамандар студенттермен ашық диалог орнатып, түрлі әдістемелік жұмыстар ұйымдастырды.

 

Атап айтқанда:

  • Өзін-өзі тануға бағытталған аутотренингтер;
  • Жеке көзқарас пен ойлау қабілетін дамытуға арналған “Аяқталмаған сөйлем” әдісі;
  • Өзін-өзі қабылдау тақырыбында мотивациялық мини-лекция;
  • Ішкі күйзелісті төмендетуге көмектесетін тыныс алу жаттығулары;
  • Сонымен қатар жауапкершілік пен сенімділікке бағытталған практикалық тапсырмалар жүргізілді.

 

Кездесу өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен ашық бөлісті. Психолог мамандар мен студенттер арасында қызу пікір алмасу болып, әрбір қатысушы өзін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шараның басты мақсаты — жастардың психологиялық әл-ауқатын нығайтып, өмірлік таңдау мен жауапкершілікке саналы көзқарас қалыптастыру болды.

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024