Атырау сервис колледжінің студенттеріне өткен кездесуі
Атырау сервис колледжінің студенттеріне өткен кездесуі Қазіргі таңға қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтрлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде.
Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Осы орайда Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккенлерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры 13 қараша күні Атырау сервис колледжінің студенттеріне «Болашаққа бағдар білім және тәрбие» атты кездесу өткізді. Аталған шараға Ауған соғысының ардагері, АТТ мүшесі Шакиров Толыбай, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының теологы Омаров Мухидден және Сириядан «Жусан» операциясымен елге оралған отбасы мүшесі еркінбай Перизат қатысты. Ауған соғысының ардагері Т. Шакиров –Әр мемлекеттің болашағы-ең алдымен сол елдің өскелең ұрпағы. Сондықтан өскелең ұрпаққа бүгінгі күннің талабы білімді, тәрбиелі азамат болып қалыптасуы басты міндет. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп айтқан-дейді.
Теолог М. Омаров-Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жастар діни білім алу мақсатында шетелдік оқу орындарына көптеп барғанын білеміз. Шетелден білім алған жақсы әрине, жастардың жан-жақты шыңдалуына жақсы тәжірибе бірақ, дәл діни білім алған жастар қауіп көзіне айналуда. Дін үйренемін деп кетіп, олардың діни танымын, діни тәжірибесін, сол елдердің ұлттық мәдени құндылықтарын алып келуде. Сондықтан, діни білім іздегенде арнайы Қазақстанда бекітілген дін мамандарынан, теологтардан кеңес алуға шақырамын –дейді. Ал, жалған діни ағымдардың жастайынан құрбаны болған П. Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті.