Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы ұйымдастыруымен Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай 2026 жылдың 25 ақпанында өткен Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шараға өңірдегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қатысып, өз қызмет бағыттарын кеңінен таныстырды.
Шара барысында студенттер мен колледж қызметкерлері өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік, қайырымдылық, жастар саясаты, құқықтық кеңес беру, экологиялық және волонтерлік бағыттағы жобаларымен танысты. Ұйым өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамалары туралы айтып, жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу форматында өткен шарада студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, волонтерлік қызметке қосылу, әлеуметтік жобаларға қатысу және азаматтық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, қоғамдық ұйымдардың рөлін түсінуге және белсенді, саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov






