Атырау сервис колледжінде ТШО компаниясының қаржыландыруымен жүзеге асқан «Асыл Мұра» және Jer Eco Hub жобалары аясында
«Табиғат, қоршаған орта және киімді қайта өңдеу» тақырыбында 2 күндік шеберлік сағаты өтті.
Аталған шеберлік сағатқа колледждің 2–3 курс студенттері белсене қатысып, қолданылған
киімдерді қайта өңдеу арқылы жаңа әрі сәнді өнімдер дайындады. Іс-шараның басты мақсаты –
жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға
үйрету және ысырапсыз өмір салтын насихаттау болды.
Шара барысында өмірлік тәжірибесі мол, қолөнерді жетік меңгерген шебер аналар студенттерге
ісмерліктің қыр-сырын үйретіп, өз білгендерімен бөлісті. Қазақ аналарының қай кезеңде де
үнемділік пен ысырапсыз өмір сүруді ұстанғанын үлгі ете отырып, тұрмыста қолданылған
киімдерден пайдалы әрі әсем бұйымдар жасау жолдарын көрсетті.
Студенттер өз қолдарымен әртүрлі әдемі бұйымдар тігіп, шығармашылық қабілеттерін дамытумен
қатар, қоршаған ортаны қорғауға, экологияны сақтауға өз үлестерін қосты.
Шеберлік сағаты жастарға шабыт беріп, экологиялық сана мен ұлттық құндылықтарды
ұштастырған тағылымды шараға айналды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар табыстап, тәтті
сыйлықтар тарту етті.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


