Атырау сервис колледжінде Отбасы күніне арналған тағылымды кездесу өтті

Іс-шараға ардагер ұстаз Бақыт Телжанқызы арнайы шақырылып, студенттерге отбасының қоғамдағы орны мен құндылықтары туралы ой қозғап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, жастарға ақ батасын беріп, болашақтарына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында колледж студенттері өз өнерлерін ортаға салып, ардагер ұстазға жүрекжарды сый-құрмет көрсетті. Әңгіме барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, ой түйді.

Шараның негізгі мақсаты – жастарға отбасы құндылықтарын насихаттап, олардың санасына ізгілік, сыйластық пен ынтымақ сияқты асыл қасиеттерді сіңіру болды.

✨ Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің рухани дамуына, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жалғастыруға зор ықпал етеді.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

Жарияланды: 15.09.202510:07

Автор: