Атырау сервис колледжінде әлеуметтік педагог С.С. Бисенова мен педагог-психолог Ж. Бекеттің ұйымдастыруымен суицидтің алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің өмірлік қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына
қолдау көрсету, психологиялық саулықты сақтау, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру және
құқық бұзушылықтың алдын алу болды.
Кездесу барысында қатысқан студенттермен тренингтік жаттығулар, ашық сұрақ-жауап
форматындағы әңгіме жүргізіліп, түрлі өмірлік жағдаяттар талқыланды. Құқық бұзушылыққа
әкелетін жағдайлар бойынша нақты мысалдар келтіріліп, олардың салдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің эмоционалдық күйіне ерекше көңіл бөлініп, қиын жағдайда
қалған кезде көмек сұраудың маңыздылығы айтылды. Студенттерге сенім телефондарының
нөмірлері таныстырылып, кез келген уақытта мамандардан тегін әрі құпия түрде көмек алуға
болатыны ескертілді.
Іс-шара соңында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарына толық әрі нақты
жауап алды. Мұндай профилактикалық кездесулер жастар арасында қауіптің алдын алып,
олардың қауіпсіз әрі саналы ортада қалыптасуына ықпал етеді.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


