Атырау сервис колледжінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттердің әдеби танымдық деңгейін арттыру мақсатында «Мұқағали – ақиық ақын» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге колледжіміздің кітапханашысы Муханбетжанова А.О. жетекшілік жасап, студенттерге ақынның жыр жинақтары, естеліктері және мерзімді басылым материалдары ұсынылды.
Көрме барысында студенттер Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, қазақ поэзиясындағы орны туралы жан-жақты мәлімет алып, ақынның шығармаларымен танысты. Іс-шара студенттердің әдеби білімін тереңдетуге, поэзияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Атырау сервис колледжі әдебиет пен мәдениетті насихаттауды, жастардың рухани дамуын басты назарда ұстайды.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


