Атырау сервис колледжінде қайырымдылыққа үндеген игі бастама
Атырау сервис колледжінің “Аспаз-70” тобының студенттері мен топ жетекшісі Г. Муканованың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай “Жақсылық жасап жарысайық!” атты қайырымдылық челленджі өтті.
Игі шараның басты мақсаты – студенттерді мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, қоғамда жақсылық жасау мәдениетін қалыптастыру және Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау.
Челлендж аясында студенттер өз қолдарымен түрлі тағамдар дайындап, оларды Атырау қаласындағы Иманғали мешітіне табыстады. Бұл тағамдар ауызашар кезінде жамағатқа үлестіріліп, сауапты іске айналды.
Осындай игі бастамалар жастардың жүрегінде қайырымдылық пен ізгіліктің артуына жол ашып, қоғамда жақсылық жасауға деген құлшынысты арттыра түседі.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келетін ең ізгі іс. Сондықтан да баршаңызды жақсылық жасап жарысуға шақырамыз!
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


