Атырау сервис колледжінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылды.

Көктемнің шуақты мерекесіне орай колледждің ер азаматтары ұжымдағы аруларды құттықтап, гүл шоқтарын табыстап, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында Атырау сервис колледжінің директоры Ержанов Қуандық Қуанышұлы ұжымдағы аяулы жандарды көктемнің көркем мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, ұжымдағы әйел азаматтардың колледж өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Шара барысында колледждің ардагер ұстазы Галина Буревская Саметовна 70 жас мерейтойымен құттықталып, ұзақ жылдар бойы білім саласына қосқан еңбегі үшін ерекше құрмет көрсетілді.

Көктемнің нұрлы мерекесіне арналған бұл кеш ұжымға ерекше әсер сыйлап, шаттық пен қуанышқа толы жылы атмосферада өтті. Мереке барысында айтылған ізгі тілектер мен ақжарма лебіздер барша жанның жүрегіне қуаныш сыйлап, ұжымның бірлігін одан әрі нығайта түсті.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 11.03.202610:18

Автор: