«Атырау сервис колледжі» КМҚК «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бірлестігінің онкүндік өткізу есебі

«Атырау сервис колледжінде» 13.10-26.10.2021ж. аралығында «Білімді болашақ – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы өткізілді. Оқу-тәрбие жұмысын сапалы жүргізу тұрғысында оқытушылардың жұмысқа талапшылдықпен, жауапкершілікпен қарауы өте маңызды және шығармашылық ізденісті талап етеді. Жаңа оқыту технологиялар мен сандық технология мүмкіндіктерін қолдана отырып сабақ барысын қызықты етіп түрлендіруге болады. Осы бағытта оқытушыларымыздың жаңашылдыққа деген құлшынысын арттыру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығы мен білім алу барысында жауапкершіліктің маңызды екенін әлі де ұғындыра сезіндіре білу мақсатында жоспар бойынша апталық ұйымдастырылды. Оған колледж қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері оқытушылары қатысты. Атап айтқанда: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері бойынша ашық сабақтар мен сабақтан тыс тәрбиелік шаралар өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша пән оқытушылары Г.Б.Бекқалиева «Абай Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасы» тақырыбында 1-курс «Аспаз-53» тобында ашық сабақ өткізді. Топ студенттері сабаққа түгел қатысып, Ардақты абыз, ұлы Абайдың шығармашылығымен сусындады. «Масғұт» поэмасы кейіпкерлеріне мінездеме беріп, шығарманы талдады. Оқытушы материалды студенттерге жеткізудегі мақсатына жетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.М.Жанабаеваның 1-курс «Аспаз-54» тобында өткізген сабағының тақырыбы – «Тіл-құндылық» деп аталады. Қазақ тілінің құндылығын толық ашып, толыққанды мәлімет бере алу мақсатында бейнематериалдар қолданылды. Оқушылар сабақтан отансүйгіштік, тіліңді сүю, еліңді сүю, тәуелсіздікті құрметтеу жауапкершілігін ұғына білді. Тақырып ашылды. Қазақстан тарихы пәні бойынша пән оқытушысы Г.А.Қайнарбаеваның «Ұлы дала көшпелі өркениеттің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбындағы сабағына «Наубайшы-12» тобының студенттері түгел қатысты. Сабақта бейнематериалдар қолданылып, кері байланыс ретінде «Kahoot», «Падлет» қосымша бағдарламасы арқылы қызықты тапсырмалар берілді. Студенттерге тарихты таныту , тарихи сауатын ашу мақсатына жетті.

Тарих пәні оқытушысы Тусипова Т.Ә. 1-курс «Кондитер-6» тобында өткізген «Этногенез и этнические процессы на территории Казахстана» тақырыбындағы сабағында студенттер түгел қатысып, оқытушы тақырыпты қызықты жеткізе білді.

Ағылшын тілі пәнінен Досанбаеваның «Аспаз-53» тобында өткен «Products of the future» тақырыбындағы ашық сабақта оқытушы түрлі әдістерді қолдану арқылы студент қызығушылығын оята білді.

Ағылшын тілі пәні бойынша оқытушы С.Қ.Кенжебаеваның «Natural disasters» тақырыбындағы сабағына «Тігінші-17» тобының студенттері белсене қатысты. Сабақта жаңа технология элементтері шеберлікпен қолданылған.

Орыс тілі пәні оқытушысы тәжірибелі ұстаз Железнова Л.Н Мастер класс для молодых учителей «Стиль и мастерство педагога» тақырыбында тәжірибе алмасу шеберлік сағатын ұйымдастырды. Бірлестік мүшелері қатысып, ой-пікір алмасты.

Барлық пән оқытушылары сонымен қатар өздері сабақ беретін пәндері бойынша тәрбиелік шаралар ұйымдастырып, барынша көбірек студенттерді қатыстыра білді.

Онкүндіктің ашылуы Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбына арналған бағдарлама бойынша өткізілді. «Ұстаздық – ұлыдан»

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы , «My Kazakhstan» «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ашық тәрбиелік шаралар өте жақсы деңгейде өткізілді.

Пән бірлестігі жетекшісі:             Жанабаева А.М.


Жарияланды: 08.06.202213:36

Автор: