Атырау сервис колледжі “АС-59” тобында “Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыру ” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.


Атырау сервис колледжі “АС-59” тобында “Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыру ” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: студенттерге сыбайлас жемқорлық ,пара ,адам құқығы ,т.б.туралы түсінік бере отырып,парасыз қоғам орнатуға үлес қосуға шақыру.Осы мақсатта слайдтар мен бейнероликтер арқылы студенттерге топ жетекшісі Гулзия Беккалиевна толық мәліметтер беру арқылы олардың ой-пікірлеріне назар аударылып,қорытынды түйіндер жасалған болатын. Топ студенттері Туребаев Расул,Ғазиза Ерәлі өз ойларын суреттер арқылы жеткізсе, өзге студенттер адамгершілік,әділдік,ұрлық,сатқындық,ақша,т.б.тақырыптарда мақал-мәтелдер айтып,соңын жалғастырып және сөз жұмбақ пен ребустар шешу арқылы ойларының ұшқырлықтары мен тапқырлықтарын көрсете білді.

#Атыраубілімжемқорлыққажолжоқ2024


Жарияланды: 14.05.202408:39

Автор: