Атырау сервис колледжі 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіріледі
Коронавирус пандемиясына қарсы профилактикалық іс- шараларға байланысты ҚР премьер-министрінің орынбасары Н.Тоғжановтың тапсырмасы бойынша Атырау сервис колледжі 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіріледі. Сақтық шараларының бір пункті ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған. Осы уақыт аралығында оқыту жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, колледж сайтында «Platonus» автоматтандырылған жүйе орналастырылған. Жүйеде әр пән бойынша оқу- әдістемелік құралдар, лекциялар, тапсырмалар, бақылау тапсырмалары енгізілген. Әр студент интернет желісіне қосылған кез келген компьютер немесе ұялы телефонынан өзінің логині мен паролы арқылы жүйеге кіріп, оқу материалдарымен танысып, пікір алмаса алады. Онлайн сабақтар өткізу үшін ZOOM, телеграмм, т.с.с. қосымшалар қолданылады. Заманауи ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек. Көрсетілген уақыттан бастап барлық студенттер тұрғылықты мекен- жайға жіберіледі. Студенттерге көпшілік жерге бармау және жеке тазалық гигиенасын сақтау қажеттілігін ескертеміз.
Ата-аналар, өз балаларыңыздың денсаулықтарына мән беріп,үйде болуларына көңіл бөліңіздер! Кураторлармен тығыз байланыста болып,балаларыңыздың қашықтықтан оқыту жүйесімен оқып отырғандығын күнделікті тексеріп отырыңыздар! Сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз біз үшін өте маңызды! Сұрақтарыңыз болса, колледж әкімшілігі жауап беруге әрқашан дайын.
Құрметпен, Атырау сервис колледжі.