Атырау сервис колледжі 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшеді

Коронавирустық пандемияның алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың тапсырмасымен Атырау сервис колледжі 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшуде. Белгіленген уақыт ішінде оқу үдерісіне кейбір түзетулер енгізіледі. Колледж сайтында «Платонус» автоматтандырылған жүйесі орнатылған, онда барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер, дәрістер, тапсырмалар, сынақтар орналастырылған. Әрбір студент жеке логин мен пароль арқылы интернетке қосылған кез келген компьютер немесе ұялы телефон (смарт) арқылы тапсырмалармен танысып, пікір алмаса алады. Онлайн сабақтар үшін ZOOM, waatsaap, telegram және т.б. пайдаланылады. Көрсетілген уақыт ішінде студенттер тұрақты тұрғылықты жерінде қалуы керек.

Ата-аналардан оқу топтарының кураторларымен үнемі байланыста болу сұралады. Студенттерге адам көп жиналатын орындарға бармау және жеке гигиена ережелерін сақтау ұсынылады.

Коронавирустық пандемия жағдайында ең бастысы – студенттер мен ата-аналардың денсаулығы мен қауіпсіздігі!

Сұрақтарыңыз болса, колледж әкімшілігі барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Құрметпен, Атырау сервис колледжі.


Жарияланды: 04.05.202213:11

Автор: