Атырау облысы Білім беру басқармасы КМҚК «Атырау сервис колледжі» студенттері PISA халықаралық зерделеуінен өтті.
Атырау облысы Білім беру басқармасы КМҚК «Атырау сервис колледжінде» PISA халықаралық зерделеуі сәтті өтті.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор. Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді. PISA – халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.2022 жылдың 3 мамыр күні КМҚК «Атырау сервис колледжінде» PISA халықаралық зерделеуі өтті.
Колледждегі 15 жастағы білім алушылар арасына 42 студент ҰББДҚ бойынша іріктелген болатын. Студенттермен колледж педагогтары , колледж педагог- психологі жалпы дайындық жұмыстарын жүргізді. Ата-аналармен байланыс жасалды, анкеталар жүргізілді.Осындай дайындық жұмыстарының нәтижесінде зерделеу болған күні студенттер бұл байқауға жан-жақты әзірлікпен келді. Зерттеуге қатысы , компьютерлік сауаттылықтары, өзін-өзі ұстау мәдениеттері жағынан студенттер өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Қатысқан өкілдер тарапынан колледж ұжымының дайындығы «өте жақсы» деп бағаланып, Атырау сервис колледжі «Алғыс хат» пен сертификаттарға ие болды.