“Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы”

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік  органдар мен оларға бағынысты ұйымдардың 2021 жылғы бюджеттері www.publicbudget.kz сайтында жарияланған болатын.  Мақсат – аталған сайтқа жарияланған бюджеттерді қоғамның, азаматтардың назарына жеткізу, сондай-ақ, олардың жарияланған бюджеттерге қатысты пікірлер, шағымдар, өтініштер және ұсыныстар қалдыру үлестерін арттыру арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі – “Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы” жобасы. Жоба туралы ақпарат электронды нұсқадағы баннерлерде берілген.

#Ashyqbudjet


Жарияланды: 25.04.202209:38

Автор: