«Алғыс айту-парызым» атты шара өткізілді

Атырау сервис колледжінде колледж кітапханашыларымыздың ұйымдастыруымен 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты шара өткізілді.

Мақсаты: Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәңгілікке  біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы  ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастарын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азасаттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн екенін кеңінен түсіндірді. Шара жоғары деңгейде өтті.


Жарияланды: 19.04.202208:54

Автор: