АТЫРАУ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНДЕ МАМАНДЫҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ!
Атырау сервис колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтар бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндік аясында «Технолог», «Аспаз», «Кондитер», «Наубайшы» біліктіліктері бойынша білім алушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында түрлі танымдық, шығармашылық және кәсіби бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Алдағы он күн ішінде бекітілген жоспарға сәйкес ашық сабақтар, шеберлік сабақтары, кәсіби байқаулар, сайыстар мен қызықты кездесулер өткізу жоспарлануда.
Мақсатымыз – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын нығайту!
Барлық қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және кәсіби жетістіктер тілейміз!
Дәм мен дәстүр тоғысқан кәсіби шеберлік онкүндігіне қош келдіңіздер!
#АтырауСервисКолледжі
#МамандықтарБірлестігі
#Онкүндік


