СТУДЕНТ – ӨНДІРІС КӨЗІМЕН» ЭКСКУРСИЯСЫ ӨТТІ
Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында білім алушылардың кәсіби бағдарын арттыру және өндіріс орындарымен байланысын нығайту мақсатында «Студент – өндіріс көзімен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледждің әлеуметтік серіктесі –«BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесіне арнайы экскурсия жасалып, студенттер өндіріс барысымен танысты. Экскурсия кезінде білім алушылар өндірістегі жұмыс үдерісін өз көздерімен көріп, мамандардың еңбек қызметіне қойылатын талаптармен танысты. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндіріс мамандарынан кәсіби бағытта нақты жауаптар алды. «Болашақтағы менің жұмыс орным» тақырыбында өткен кездесу студенттерге таңдаған мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуге, еңбек нарығының талаптарын білуге және болашақ кәсіби жолын жоспарлауға мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Ынтымақтастық пен қолдауы үшін колледждің әлеуметтік серіктесі «BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесінің мамандарына алғысымызды білдіреміз! #АтырауСервисКолледжі #өндірістегі10күн #тәрбиеқұндылықбөлімі #біртұтастәрбие #тәрбиесағаты «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы «Ашық есік» күні Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Іс-шара барысында студенттер архив қорында сақталған тарихи маңызы зор құжаттармен, фотосуреттермен және құнды деректермен танысып, туған өлкенің тарихына қатысты маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар өңірімізде әр жылдары орын алған тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерді бейнелейтін тарихи көрмелерді тамашалады. Архив – өткен тарих пен бүгінгі ұрпақты байланыстыратын құнды рухани қазына. Архив құжаттары арқылы студенттер туған жердің тарихын тереңірек танып, тарихи мұраны құрметтеудің, оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізудің маңызын түсінді. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың тарихи танымын кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Іс-шараға қатысқан студенттерге тарихи деректермен жақын танысып, өткеннен тағылым алуға мүмкіндік берген Атырау облысының мемлекеттік архиві ұжымына алғыс білдіреміз!


