️ АСХАНАДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАНДЫ
️ АСХАНАДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАНДЫ Атырау сервис колледжінде студенттердің сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету және асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау мақсатында кезекті зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмысына колледждің бракераждық комиссия мүшелерімен қатар Ата-аналар кеңесінің мүшелері де қатысып, асхананың күнделікті жұмысымен танысты. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайын, тазалық деңгейін, дайындалатын тағамдардың сапасы мен құндылығын, тағамдардың дұрыс сақталуын, тамақтану кестесінің сақталуын және студенттерге ұсынылатын бір реттік ыстық тамақтың сапасы мен толықтығын бақылауға алды. Зерделеу барысында Ата-аналар кеңесінің мүшелері асханадағы ас мәзірімен танысып, студенттерге ұсынылатын тағамдардың түрлері мен тамақтану тәртібіне назар аударды. Сонымен қатар, дайын тағамдар қаралып, дәмдік сапасы тексерілді. Қойма және ас дайындау бөлмелерінің санитарлық жағдайы, тағамдардың сақтау талаптарына сәйкестігі, студенттердің тамақтану процесінің ұйымдастырылуы және қызмет көрсету мәдениеті бағаланды. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде асхананың жұмыс сапасын одан әрі жетілдіру, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және студенттерді сапалы әрі қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытында тиісті ұсыныстар берілді. Сапалы тамақтану – студент денсаулығы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі! #АтырауСервисКолледжі #АтаАналарКеңесі #БракераждықКомиссия #СапалыТамақтану #ҚауіпсізТамақтану







