Бүгін Атырау сервис колледжінде 2025–2026 оқу жылының түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

Биыл колледжді 260 студент аяқтап, олардың 8-і үздік диплом иегері атанды.
Колледж қабырғасында алған білім мен тәжірибе енді жас мамандардың кәсіби өміріндегі басты тірегіне айналмақ. Тігін өндірісі мен киімдерді үлгілеу, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, қонақ үй бизнесі, кондитер ісі, туризм, шаштараз өнері, нан пісіру және макарон-кондитер өндірісі бағыттары бойынша білім алған түлектер еңбек нарығына жолдама алып отыр.
Салтанатты жиында сөз сөйлегендер түлектерге ақ жол тілеп, қандай салада еңбек етсе де кәсібіне адал болып, ел игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
Әр дипломның артында мыңдаған сағаттық еңбек, талай сынақ пен үлкен үміт жатыр. Сондықтан бүгінгі қуаныш – тек түлектердің ғана емес, олардың жанынан табылған ұстаздар мен ата-аналардың да ортақ мерекесі.
Жас мамандарға сәттілік, кәсіби табыс пен жарқын болашақ тілейміз!

Жарияланды: 02.07.202608:12

Автор: