Атырау сервис колледжінің “Өзін-өзі басқару” Парламент ұйымының белсенділері 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай білім ордасының ұстаздарын мерекемен құттықтады.
Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сыйластық пен ризашылықты дәріптейтін ерекше мереке. Осыған орай колледждің белсенді жастары ұстаздарға құрмет көрсетіп, жүрекжарды алғыстарын білдірді.
“Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершілігін ерекше атап өтті. «Ұстаз – әр студенттің өмір жолына бағыт-бағдар беретін тұлға. Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіздің арқасында біз биік белестерді бағындыруға ұмтыламыз», – деп ізгі тілектерін жеткізді.
#біртұтас_тәрбие
#atyrau_bilim
#1наурызалғысайтукүні
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


