Атырау сервис колледжі студенттері 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай тағылымы мол тәрбиелік шара ұйымдастырды. Колледждің аспаз мамандығы бойынша білім алып жатқан 69-топ пен кондитер мамандығының 12-топ студенттері мерекелік кеш өткізіп, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойына патриоттық рух қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау болды. Кеш барысында студенттер Отан туралы өлеңдер оқып, әскери-патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, мерекелік көріністер қойылып, тарихи деректер айтылды.
Аспаз 69 тобы ұлттық тағамдар әзірлеп, келген қонақтарға дәм ұсынса, кондитер 12 тобы арнайы мерекелік тәтті өнімдер дайындап, өздерінің кәсіби шеберліктерін танытты. Студенттердің қолынан шыққан тағамдар мен тәттілер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Шара соңында колледж ұстаздары белсенді қатысқан студенттерге алғыс айтып, жастарға шығармашылық табыс пен оқуда сәттілік тіледі. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар студенттердің ұйымшылдығын арттырып, патриоттық сезімдерін нығайта түсетіні атап өтілді.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


