18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай өткізілген экологиялық және танымдық іс-шара
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жас ұрпаққа тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау қаласында орналасқан Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ескерткіштерінің маңына барып, олардың тарихымен танысты. Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының ұлы билерінің ел бірлігі мен әділдігін сақтаудағы рөлі туралы мәліметтер алып, рухани танымдарын кеңейтті.
Сонымен қатар, акция аясында ескерткіштер айналасында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақ қоқыстан тазартылып, абаттандыру шаралары атқарылды. Студенттер табиғатты қорғау, тарихи мұраларға құрметпен қарау – әрбір азаматтың парызы екенін түсініп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Аталған шара студенттердің патриоттық сезімін арттырып, тарихи-мәдени мұраларды сақтауға деген жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.
#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz
#bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau


