Атырау сервис колледжінде педагогикалық оқулар өтті
Атырау сервис колледжінде « Сабақта жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында педагогикалық оқулар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану, педагогтардың кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және оқу үдерісіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің маңыздылығын талқылау болды.
Педагогикалық оқуларға колледж оқытушылары қатысып, өздерінің ғылыми-әдістемелік баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлі, оны сабақ барысында қолданудың тиімді әдістері және студенттердің білім сапасын арттырудағы мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар оқытушылар заманауи технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын әзірлеу, тест тапсырмаларын дайындау және білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында педагогтар жасанды интеллект құралдарының сабақтың тиімділігін арттыруға, студенттердің пәнге деген қызығушылығын күшейтуге және оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай технологияларды дұрыс пайдалану оқытушының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, білім беру сапасын арттыруға да оң әсерін тигізеді.
Педагогикалық оқулар білім беру саласында инновациялық әдістерді дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, болашақта цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталды. Сондай-ақ белсенділік танытқан педагогтарға алғыс хаттар табысталды.
Осындай педагогикалық оқулар педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді қолдануға жол ашады
#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz #bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau


