Атырау сервис колледжінде студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесуге Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Исатаева Альбина Айбулатовна

Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ Байғабыл Айшабибі Әлібекқызы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмысының алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге есірткі заттарының заңсыз айналымының ауыр құқықтық салдары, оның денсаулыққа тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ерте жүктіліктің әлеуметтік және медициналық қауіптері, зорлық-зомбылықтың түрлері мен заң алдындағы жауапкершілігі жайында нақты мәліметтер берілді.

Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселесіне ерекше тоқталып, 111 байланыс орталығы арқылы көмек алуға болатыны, қиын жағдайға тап болған жағдайда үнсіз қалмай, дер кезінде хабарласудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға үлкен ықпал етеді.

Атырау сервис колледжі студенттердің қауіпсіздігі мен саналы болашағын басты назарда ұстайды.

 

#біртұтастәрбиеатырау

#атыраусервисколледжі

#за

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 11.03.202610:20

Автор: