Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

2026 жылғы 10 ақпанда Атырау сервис колледжінде “Заң және тәртіп ” аясында студенттерге арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, жастармен ашық форматта әңгіме жүргізді. Атап айтқанда:
🔹 Атырау ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Муратов Эльдар Сержанұлы;
🔹 Атырау ПБ-ның қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Серіков Жеткіншек Жеңісұлы;
🔹 Атырау қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция инспекторы, полиция лейтенанты Байғабыл Айшабибі Әлібекқызы;
🔹 Атырау ҚПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бақтыбайұлы.
Кездесу барысында студенттерге: – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқу орнына адам өміріне қауіпті заттарды қолданбаудың алдын алу;
– кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың алдын алу;
– буллинг пен кибербуллингтің алдын алу,
– жанжалдар мен төбелестің құқықтық салдары,
– заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Закладчики. Мать» фильмі көрсетіліп, оның мазмұны студенттермен бірге талқыланды. Жастар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
✅ Мұндай профилактикалық кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


