ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

«Қазақия» қоғамдық қоры Атырау сервис колледжін Алғыс хатпен марапаттады.

Колледж студенттері «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен мәдени-танымдық шараларға белсене қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Әсіресе, «Тігінші» мамандығында білім алып жатқан студенттер шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық қолөнер бағытындағы жұмыстарымен көпшілікті тәнті етті. Олардың кәсіби шеберлігі мен ізденісі ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

Бұл марапат – колледж ұжымының, студенттердің еңбегі мен шығармашылығына берілген жоғары баға.

Алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мақсатында бірлескен іс-шаралар жалғасын табатын болады.

✨ Атырау сервис колледжі ұжымын және студенттерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 20.02.202613:31

Автор: