Атырау сервис колледжінде тағылымды тәрбие шарасы өтті.
Атырау сервис колледжінде «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында
«Сұлулық сымбат тәрбиесі. Кимешек тігу және кигізу» тақырыбында тәрбие шарасының 1-күні жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызының әдебі мен тәрбиесін насихаттау, сондай-ақ ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық киімдердің мән-мағынасын терең түсіндіру болды.
Шараға арнайы қатысқан «Қазақия» қоғамдық қорының жетекшісі Жанар Әбіш Төрениязқызы мен тігінші шебер ана Сапарова Нұрлыгүл Шамратқызы қыз балалармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, қыз тәрбиесінің маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, қазақ халқының ертеден келе жатқан кимешегінің пайдасы мен қасиеті, оның тәрбиелік, рухани және эстетикалық мәні туралы құнды ақпараттар берілді.
Практикалық бөлімде «Тігінші» мамандығында білім алып жатқан студенттермен бірге тігін цехында кимешек тігу процесі басталып, студенттер ұлттық бұйымды өз қолдарымен дайындау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шара болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етті.
Осындай тағылымды тәрбиелік шаралар студенттердің рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
✨ Студенттерімізге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
Алда шараның келесі күндері өз жалғасын табады.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


