Атырау сервис колледжінде «Психологиялық қолдау орталығының» психолог мамандары Кусайнова Мулдир Кажмеденовна және Молдакулова Индира Нұрпейісқызы топ жетекшілеріне арналған психологиялық және әдістемелік жұмыс жүргізу мақсатында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

 

Іс-шара барысында топ жетекшілеріне студенттермен жүргізілетін психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары, тәуекел топтағы білім алушыларды анықтау жолдары, олардың психоэмоционалдық жағдайын бақылау және қолдау көрсету тәсілдері туралы әдістемелік кеңестер берілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен суицидтің алдын алу, зорлық-зомбылықтың ерте белгілерін анықтау, дағдарыс жағдайындағы студенттермен жұмыс жасау алгоритмдері жан-жақты түсіндірілді. Психологтар білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, сенімді орта қалыптастыру және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар №92 бұйрықтың талаптарымен таныстырылып, оны білім беру ұйымында орындау тәртібі мен жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Топ жетекшілеріне аталған бағыттағы жұмыстарды оқу жылы бойы тұрақты түрде жүргізу қажеттігі ескертілді.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 30.12.202515:08

Автор: