Атырауда алғаш рет!

Атырау қаласында өткен “Ұрпағыңмен мың жаса” жобасы аясында ауқымды жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық спорт мәдениетін дамыту болды.

Марафонға Атырау облысы бойынша 250 бала мен 250 әке қатысып, үлкен белсенділік танытты. Осы ауқымды спорттық шараға біздің колледж атынан “Аспаз-73” тобының 1 курс студенті Заитов Артур әкесі Сариев Асылбекпен бірге қатысып, жоғары нәтижелерімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Нәтижелері:

Заитов Артур – 3 км қашықтықты 250 қатысушының ішінен 5-ші болып бағындырды;

Сариев Асылбек – 5 км қашықтықта 250 қатысушы арасынан 8-ші болып мәре сызығын қиды.

Жарыс қорытындысы бойынша Заитовтар отбасы арнайы сертификаттармен және медальдармен марапатталды.

Отбасылық үлгі-өнеге көрсетіп, колледжіміздің атын абыроймен танытқан Заитов Артур мен Сариев Асылбекті шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктеріңіз молайып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!


Жарияланды: 03.12.202509:44

Автор: