Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 29 қараша күні Атырау қаласында “Ұрпағыңмен мың жаса” жобасы аясында облыстық әкелер мен ұлдар арасында “MURAGER QUIZ” интеллектуалдық ойыны өтті.

Шараның негізгі мақсаты – әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың білімге, ынтымаққа және белсенді өмірлік ұстанымға деген қызығушылығын арттыру.

Аталған байқауға Атырау сервис колледжінің атынан әке – Мендигалиев Рустембек және оның ұлы, “Наубайшы-19” тобының 1 курс студенті – Жумагалиев Ахмад Рустембекович қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл шара әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлінің ерекше маңызын айқындап, отбасы арасындағы өзара сыйластық пен қолдаудың құндылығын көрсетті. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатын әкелер қатары артсын деп тілейміз!

Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасыларыңызға амандық, береке және әлі де талай жетістіктерге жете берулеріңізді тілейміз!


Жарияланды: 03.12.202509:43

Автор: