” KURATOR:ЖАНАШЫР.ЖАҢАШЫЛ.ЖЕТЕКШІ” облыстық кураторлар онкүндігі аясында “Аспаз-73” тобының топ жетекшісі Тусипова Тлекші Адебиетовна және “Шаштараз-18” тобының топ жетекшісі Сагиденова Гульнара Насипкалиевнаның жетекшілігімен

«Қауіпсіздік әлемі — қазіргі заман» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің күнделікті өмірдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызын ұғындыру.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге:

тұрмыстық қауіпсіздік ережелері;

төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары;

қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениеті;

онлайн қауіпсіздік пен кибергигиена талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, аталмыш шара жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өз өмірі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды. Студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.


Жарияланды: 03.12.202509:41

Автор: