Атырау сервис колледжінде ақпараттық кездесу өтті
Бүгін Атырау сервис колледжінде АИТВ орталығының маманы Баймұханова Мереке Үтегенқызының қатысуымен студенттерге арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында маман студенттерге АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) туралы толық мағлұмат берді. Атап айтқанда, АИТВ инфекциясының белгілері, жұғу және жұқпау жолдары, сондай-ақ оның адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, ЖИТС-тің алдын алу шаралары, денсаулықты сақтау жолдары және қоғамдағы стигманы болдырмау мәселелері де талқыланды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты және нақты жауаптар алды.
Осындай ақпараттық шаралар жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор ықпал етеді.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


