«Біріңғай құқықтық сағат» – құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы маңызды кездесу 🛑
Атырау сервис колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Біріңғай құқықтық сағат» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға Атырау қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Сарсенова Динара Сағындыққызы қатысып, студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сонымен қатар, кездесуде жастар арасында жиі кездесетін келеңсіз жағдайлар – қыздар мен ұлдардың төбелесі, қоғамдық орындарда темекі шегу, нашақорлық, балағат сөз айту, біреудің ар-намысына тию секілді әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Мұндай шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді.
#біртұтастәрбие
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
atyrau_servis_college
#tarbie_ortalygy_atyrau
#біртұтас_тәрбие_атырау
#құқықбұзушылық_атырау_2025
#нашақорлық_атырау_2025
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#ертежүктілік_атырау_2025


