Абай – қазақтың рухани темірқазығы!

Атырау сервис колледжінде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай студенттерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты – жастарды хәкім Абайдың бай мұрасымен тереңірек таныстыру, шығармашылық туындылары арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білім мен тәрбиеге баулу.

🔹 Іс-шара барысында ақынның қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер ұсынылып, студенттер Абайдың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын жан-жақты зерделеу мүмкіндігіне ие болды.

🔹 Көрмеге Абайдың кітаптары, зерттеушілердің еңбектері мен фотосуреттері қойылып, қатысушыларға танымдық ақпараттар ұсынылды.

Бұл көрме – ұлт руханиятының алтын арқауы болған Абай әлеміне жасалған тағы бір тағылымды саяхат!

🕊️ Абайды оқу – өзін тану, адам болу жолын ұғу!


Жарияланды: 18.06.202508:33

Автор: