Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмысы

Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмысы

📍Атырау сервис Колледжінде білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік сауаттылығын арттыру мақсатында, оқу орнының психологы А.Х Калиева тарапынан «Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары» тақырыбында арнайы презентациямен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📍Іс-шара барысында студенттерге буллингтің (яғни, қорқыту, кемсіту, мазақ ету, психологиялық қысым көрсету) түрлері мен белгілері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда кең таралған кибербуллинг ұғымы — интернет желісі арқылы жүргізілетін психологиялық қысым, бопсалау, аноним жала жабу, қорлау әрекеттері жайлы нақты мысалдармен жеткізілді.

📍Психолог өз баяндамасында буллинг пен кибербуллингтің адам психикасына әсерін, оның салдарынан туындайтын эмоционалдық күйзелістер мен өзін-өзі бағалаудың төмендеуі секілді мәселелерді атап өтті. Осындай жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін, студенттерге өзін-өзі қорғау жолдары, сенімділік қалыптастыру, уақытылы көмек сұрау және құқықтық қорғану тетіктері жөнінде маңызды кеңестер берілді.

📍Презентация интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, тәжірибелік сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Психолог тарапынан әр сұраққа нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.

📍Бұл іс-шара студенттерге қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — буллингпен күресу жолдарын үйретіп қана қоймай, оларды психологиялық тұрғыдан қорғануға, сенімділік пен адамгершілікке баулуда үлкен маңызға ие болды.


Жарияланды: 11.06.202515:03

Автор: