7-мамыр Ұлы Отан қорғаушылар күні
Атырау сервис колледжінде 7-мамыр Ұлы Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұжым педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: ұжым арасында бірлікке, «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген ортақ мақсатқа жұмылдыру. 4 топ болып жарысқа түскен сайыскерлер 6 кезеңнен тұратын жарыста топтың есімі мен ұранын қорғау, межеге дейін жүгіріп, қайтарда секіргішпен жүгіру, туннельмен тез жүріп өту, арқан тартыс, допты жерге соғып алып жүгіру, тағы басқа спорт түрлерінен бақ сынасты. Жеңіске деген жігерлерінің арқасында сары түсті спорттық киім киген «Жеңіс» тобы колледждің ауыспалы кубогына және «бас жүлдеге» ие болды. Ақ түсті киінген «АСК қырандары» ұпай санымен 1-ші, қызыл түсті «Жалын» тобы 2-ші, көк түсті «Ақжелкен» тобы 3-ші орындарды иемденді. Қатысушылардың барлығында жеңіске деген құштарлық пен бір-біріне деген сенім мен сыйластық нығая түсті.
#кәсіптікбағдарберу
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#біртұтас_тәрбие_атырау
#құқықбұзушылық_атырау_2024
#нашақорлық_атырау_2024
#біртұтас_тәрбие_атырау_2024
#ертежүктілік_атырау_2024
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalagy_atyrau