Атырау облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен лудоманияға қарсы жоба аясында Атырау сервис колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен лудоманияға қарсы жоба аясында Атырау сервис колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында лудоманияның қаупі мен салдарын түсіндіру және құмар ойындарға тәуелділік мәселесіне назар аударту болды. Шара барысында спикерлер құмар ойындардың адамның психологиялық және қаржылық жағдайына әсері туралы айтып, тәуелділіктің алдын алу жолдары бойынша кеңестермен бөлісті.

Студенттер пікірсайысқа белсенді қатысып, сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар жастарды құмар ойындарға сын көзбен қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

@isb_atyrau#біртұтастәрбие
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
atyrau_servis_college
#tarbie_ortalygy_atyrau
біртұтас_тәрбие_атырау


Жарияланды: 06.11.202410:00

Автор: