Оқу-тәрбие жұмысы

2022 жылдың сәуір айында Атырау қалалық мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен Атырау сервис колледжі базасында жартасқа өрмелеуден қалалық жарыс өтті. Біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – Серіков А. – Н-13 тобы; 2 орын – Кудрявцев А. – ИT-2 тобы; қыздар арасында: 1 орын – Хазова В. – Н-10 тобы, 3 орын – Гармай Н. – ПМ-12 тобы. Триатлоннан Республикалық чемпионатқа Н-13 тобының студенті Любимов Д. қатысып, 2 орынға ие болды. 2022 жылдың наурыз айында колледж студенттері қалалық «Миталас» байқауына қатысты.


Жарияланды: 29.06.202215:21

Автор: