WORLD SKILLS

2024 жылғы 13 қараша күні Qazaqconcert залында WorldSkills- 2024 кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Атырау сервис колледжінен Наубайшы, Шаштараз және Сән технология құзіретілігі бойынша студенттер бақ сынамақшы.
Жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру мақсатында, министрлік жас буын Қазақстандықтарды WorldSkills сиякты әлемдік додада қабілеттілігін паш етуге көмектесуде. Дарынды жастарымыз өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп қана қоймай Қазақстанның кәсіби білім беруде жетекші елдердің бірі екенін көрсетуде . Еңбек ет, үздік болуға тырыс,бүгінгі жетістік ертеңгі әл аухатың, сенімді түрде алға бас, өз күшіңе сен, жеңіске жет деп қатысушыларға еліміздің бас қаласы-Астанадан жігерлендіру тілегі жолданды.

 

 

”WorldskillsAtyrau-2024” үшінші күн

Техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында дүбірлі дода -“WorldskillsAtyrau-2024” өңірлік чемпионатының бүгін соңғы үшінші күні

 

 

 

 

 


Бүгін Атырау облысы Білім беру басқармасы КМҚК Атырау сервис колледжінде “WorldskillsAtyrau-2024” чемпионатының бірінші күні өтті. Кондитер құзыреттілігі бойынша қатысушылар додаға түсуде.

 

Аспаз құзыреттілігі бойынша қатысушылар “WorldskillsAtyrau-2024” бірінші күнінде өз шеберліктерін салуда. Сарапшылармен тәуелсіз сарапшылар қатаң бақылауда. Қатысушыларға сәттілік серіктеріңіз болсын деген тілек білдіреміз.

 

“WorldskillsAtyrau-2024” сән үлгісі құзыреттілігі бойынша бірінші күн. Қатысушылар 1 модуль Эскиз. 2 модуль Модельдеу және үлгілерді орналастыру бойынша жұмыстарын жасауда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

 

 


14.10.2024 “WorlskillsAtyrau-2024” өңірлік чемпионатының ашылу салтанатынан кейін “Аспаз”, “Кондитер”, “Наубайшы” құзыреттіліктері бойынша қатысушылар арасында тул бокстары тексеріліп, санитарлық талаптар жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы бас сарапшы Ақбалиев Жанболат түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


“Worldskills Atyrau-2024” өңірлік чемпионатына 12 локация бойынша 42 құзыреттілік, 160 қатысушы қатысып отыр. Соның бірі Атырау облысы Білім беру басқармасы ҚМКҚ Атырау сервис колледжі базасында “Аспаз”, “Наубайшы”, “Кондитер”,”Шаштараз” құзыреттілігі бойынша жеребе жасалды.

 


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өтетін “WorldskillsAtyrau-2024” өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Өңірлік чемпионаттың ашылу сәтінде сөз алған Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева қатысушыларға сәттілік тіледі. Атырау облысында өткізіліп отырған байқауға 160 студент, тәуелсіз сарапшы 42 құзыреттілік бойынша 12 локацияда бақ сынасады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз.


«Worldskills» қозғалысы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері үшін І «BаbySkills Atyrau-2023» өңірлік чемпионаты басталды.

🖇️ Атырауда алғаш рет өтіп жатқан чемпионат мектеп жасына дейінгі балаларға әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы бастапқы дағдыларды игерту мақсатын (Skills) көздейді, сондай-ақ отандық және халықаралық тәжірибелер негізінде замануи кәсіби құзыреттер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.

🔗 Чемпионат төмендегі 11 құзыреттілік бойынша өтті:

✅ Шаштараз өнері;

✅ Киім үлгілеу

✅ Кондитерлік іс

✅ Визуалды менчандайзер және витринистика

✅ Кескіндеме және сәндік жұмыстар

✅ Медициналық және әлеуметтік күтім

✅ ІТ саласы

✅ Мейрамхана ісі

✅ Көліктерді жөндеу

✅ МДҰ тәрбиешісі

✅ Хореография

🗝️ Чемпионатқа Атырау қаласының 27 мектепке дейінгі ұйымынан 53 тәрбиеленуші шеберлігін сарапқа салады.

📎 Чемпионат құзыреттіліктері бойынша  КМҚК Атырау сервис  колледж мамандары Бас сарапшы ретінде тағайындалды. “Кондитерлік ісі” құзыреттілі бойынша Тасимова Айгерім Аманқосқызы ,  “Киім үлгілеу” құзыреттілігі бойынша Телеугалиева Айкумыс Милатовна , “ Шаштараз” өнері бойынша Сарсешова Айғаным  Жұмажановна,

“Мейрамхана ісі” құзіреттілігі бойынша Коротаева Валерия Валерьевна шеберлік байқауының жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

 

🧩 Айта кетелік, аталған жоба Атырауда наурыз айында бастау алды. 3 кезеңнен тұратын жобаның алғашқы «Білім беру» модулінде тәрбиеленушілерге мамандық, кәсіп түрлері туралы мәлімет берілсе, «Аспаптық модуль» кезеңінде жергілікті колледждерде мамандыққа қатысты экскурсиялар ұйымдастырылды, шеберлік сыныптары өткізілді.


“Worldskills Atyrau-2023″ өңірлік чемпионаты

Атырау қаласында “Worldskills Kazakhstan-2023” облыстық чемпионаты басталды.

Чемпионаттың негізгі мақсаты-жұмысшылар мен техникалық мамандықтардың беделі мен дәрежесін арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білім беруге тарту.

2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында Атырау сервис колледжі базасында “Worldskills Atyrau-2023” өңірлік чемпионаты “Аспаз ісі”, “Мейрамхана ісі”, “Наубайшы ісі”, “Шаштараз ісі”, “Сән технологиясы”, “Кондитер ісі”   құзіреттілік бойынша өткізілді.  Осы мамандықтар бойынша 9 студент қатысты. Чемпионатқа қатысушылар өздерін өте жақсы көрете білді.


Атырау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы  Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы КМҚК Атырау сервис колледжі базасында өтіп жатырған “Worldskills Atyrau-2023 ” облыстық чемпионатына қатысып жатырған қатысушыларға сәттілік тіледі.  Сонымен қатар, колледждің  шеберханаларымен  танысты.


Атырау облысы Білім беру басқармасы Атырау сервис колледжі КМҚК базасында колледжішілік “WorldSkills Kazakhstan – 2022” кәсіби шеберлік чемпионаты  өз мәресіне жетті. Қатысушылар  алғыс хатпен  және сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі бірінші орын алған қатысушылар облыстық чемпионатқа жолдама алды.


2022 жылғы 5-11 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен  Республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2022» кәсіби шеберлік чемпионатына  Атырау облысы Білім беру басқармасы «Атырау сервис колледжі» КМҚК студенттері төмендегі мамандықтары  бойынша  өз бақтарын сынап қайтты.

«Аспаз ісі» – Кубаев Адильбек, «Кондитер ісі»  – Елубай Айана, «Наубайшы ісі» – Утепов Әділет, «Мейрамхана-ісі» – Ниязбаев Искандер, «Шаштараз-ісі» – Анирова Карина және Нұрланова Шұғыла – «Сән технологиясы»

Кубаев Адильбек

Елубай Айана

Утепов Әділет

Ниязбаев Искандер

Анирова Карина

Нұрланова Шұғыла

КМҚК “Атырау сервис колледжі”  World Skills-Атырау өңірлік чемпионатын өткізу алаңы болып табылады. 2022 жылдың 16-20 мамырда колледж базасында 6 құзыреттілік бойынша World Skills чемпионаты өтті.

  • Сән технологиясы
  • Шаштараз ісі
  • Нан пісіру шеберлігі
  • Аспаз ісі
  • Мейрамхана қызметі

Қатысушылардың білімі мен іскерлігін сарапшылардан тұратын тәуелсіз комиссия бағалады: Супагалиева Г. Б, Дәрубаева С. Т, Толстов А. Т, Лұқпанова А. К, Яговкина Т. Н, Акбалиев Ж. И.

 Чемпионат қорытындысы бойынша:

  • “Аспаз ісі” құзыреттілігінде I орын Кубаев А.
  • “Сән технологиялары” құзыреттілігі бойынша I орын Кабдулова Л.
  • І орын “Кондитерлік іс” құзыреттілігі бойынша Елубай А.
  • І орын “Мейрамханалық сервис” құзыреттілігі бойынша Лаврентьева М. Кабдолла М.
  • “Наубайхана ісі” құзыреттілігінде I орын Наренова ж.
  • “Шаштараз ісі” құзыреттілігінде I орын Кехреа к.
  • “Шаштараз ісі” құзыреттілігі бойынша “Алтын маман” медалін Т. Крюковская, Джанакова С. алды.

Чемпионат жоғары кәсіби деңгейде өтті. Барлық қатысушылар чемпионат модульдерін орындау бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.

Всего комментариев: 0