ЖИТС-тің алдын-алу.

ЖИТС-тің алдын-алу.

2021 жылғы 23 желтоқсанында  Атырау облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық   меңгерушісі Шаменов Төлеміс Серікұлы және Дәрігер эпидемиолог Муканова Рашида Тұрымқызы, ЖИТС  орталығының мамандарына сенім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясына қатысты стигманы жою, сондай-ақ жергілікті деңгейде ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл мақсатында Атырау сервис колледж  студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, берілу жолдары, алдын алу туралы айтылды. Дәрігер-эпидемиолог студенттерге алдын алу шаралары туралы, тегін тексеруден өтуге болатынын егжей-тегжейлі айтып берді; студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Дәріскер АИТВ жұқтырған адамның белгілі бір ережелерді сақтай отырып, айналасындағы адамдарға ешқандай қауіп төндірмейтініне ерекше назар аударды. ЖИТС-бұл емделмейтін ауру, оны ешкім сақтандыра алмайды. Бірақ салауатты өмір салтын білу және сақтау инфекция қаупін едәуір төмендететінін ұмытпаңыз. Кездесу соңында барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық брошюралар мен дәптерлер таратылды.


Жарияланды: 28.04.202212:21

Автор: