WORLDSKILLS ATYRAU-2021: ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН САЙЫСКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

24- 28 мамыр аралығында  Атырау сервис колледж базасында «Worldskills Atyrau-2021» өңірлік чемпионаты  өтті.  Бұл чемпионатқа колледж базасында 6 құзіреттілік бойынша сайыс өткізілді. Бұған облысымыздың басқа аудандарынан және колледж студенттері қатысты. Барлық қатысушылар өздерінің білімдерін  жоғары деңгейде көрсете білді. 24-27 мамыр күндері  «Worldskills Atyrau-2021» талаптары бойынша берілген тапсырмаларды шеберлікпен орындай білді. 28 мамыр күні чемпионаттың жабылу салтанаты өтіп, оған  облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев, жұмыс беруші әлеуметтік серіктестер мен колледж басшылары және сайысқа қатысушылар қатысты. Жиынның жабылу салтанатында  арнайы сөз сөйлеген Бахытгүл Хаменова аймақ басшысының құттықтау  сөзін, жастарға арнаған жылы лебізін жеткізе отыра, алдағы үлкен сайыста облысымыздың намысын қорғауға тілек білдірді. Сондай-ақ біздің колледж  жанынан қатысқан сайыскерлеріміз осы додада оза шауып өз білімдерін дәлелдей білді. Олар: «Кондитер» мамандығы бойынша-Елубай Айана. «Аспаз»  мамандығы бойынша Сиражев Алдияр. «Шаштараз» мамандығы бойынша- Сағынғалиева Ақмарал. «Наубайшы» мамандығы бойынша Махмуд Ұлболсын. «Сән технологиясы» мамандығы бойынша Сакенова Нурсулу. «Мейрамхана қызметі» мамандығы бойынша Каратаева Валерия бірінші орындарға ие болды.  Және де биыл өткізіліп отырған мүмкіндіктер байқауында тігінші мамандығы бойынша білім алып жатырған колледждің студенттері Жұмабаева Аяжан, Сүлейменова Перизат, Сайынова Лаура ерекше көзге түсті.  Қалған студенттердің жұмысы сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мен қолдау білдіруде аса маңызға ие ауқымды бұл шараға колледж ұжымы асқан жауапкершілікпен дайындалып, абыроймен атқарып шықты. Жарыс соңында дара шыққан жеңімпаздар медальмен сыйлықтармен марапатталды.


Жарияланды: 21.04.202215:53

Автор: