Атырау сервис колледжінде 1курс ,,Аспаз -59 ,,тобында” Қазақстан -тәуелсіз елім, атамекенім” атты тәрбие сағаты өткізілді

Атырау сервис колледжінде 1курс ,,Аспаз -59 ,,тобында” Қазақстан -тәуелсіз елім, атамекенім” атты тәрбие сағаты өткізілді.Шараға 8 қалалық кітапхана меңгерушісі Мұқанғалиева Айслу мен кітапханашы ҚанатоваГүлзада қатысты.

“АС-59″тобының кураторы Беккалиева Гулзия 25қазан Республика күні,егемен еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі -ата-бабамыздың асқақ арманының туындаған,бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс екендігін,ол үшін ғасырлар  бойы азаттық жолында құрбан болған талай  боздақтың ұрпаққа қалдырған  аманатын сақтау парызын жүрекпен,жанымызбен түсіну  керектігін айтып өтті. Бейне фильмдер арқылы еліміздің тәуелсіздігі -ұлттық тілдің, салт-дәстүрдің,ұлттық сананың көрінісі екендігі т.б. көрініс тапты. Тәрбие    сағаты барысында студенттер “Қазақстан”және “Астана топтарына бөлініп, команда атаулары бойынша слайдтар жасап,өздерін  таныстырып, бәйгеге түсіп, білімдері мен ой ұшқырлықтарын көрсетуге тырысып бақты. Тақтаға көрсетілген суреттегі  ғимараттарды тауып мағлұмат берді. Туған жер туралы мақал -мәтелдерді  жалғастырып,мағынасын түсіндірді.Келесі кезеңде туған жерге арнап суреттер салып жарысқа түсті. Жарыс барысында  “Астана”командасы алда болып, жеңіске жетті. Байқауға қатысқан студенттерге кітапхана меңгерушісі Айсулу  Сулейменқызы кітаптар сыйлап,8 кітапхананың оқырмандары болуға шақырды.


Жарияланды: 26.10.202315:13

Автор: