10.11-23.11. 2022ж КМКҚ Атырау сервис колледжінде Жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің онкүндігі өтуде.
16 қараша күні 2курс Н-12 тобы «Наубайшы» мамандығы студенттеріне «Полипептид құрылымын анықтау» тақырыбында химия пәнінен Джулдаева Г.Т ашық сабақ өткізді.
Мақсаты:
Нәруыздардың денатурация ұғымын түсінеді, біледі. Нәруыздардың сапалық реакциясын түсінеді. Нәруыз денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасай алады.
Мұғалім өз шеберлігімен таныла отырып , сабақ барысында әртүрлі АКТ бағдарламаларын ( Wordwall, Quizizz.com, ZipGrade т.б) қолдана отырып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.