Ерекше білімді қажет ететін арнайы және инклюзивті балаларды қалыпты ортаға бейімдеудің жолдары
Ерекше білімді қажет ететін арнайы және инклюзивті балаларды қалыпты ортаға бейімдеудің жолдары
(методика, әдіс-тәсілдері)
«Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі»
Қазіргі уақытта мемлекеттің басшылығымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бағдарламалар жасалып жұмыстар жүргізілуде. Сол жұмысты жалғастыру мақсатында колледжіміздің басшысы Буревская Галина Саметовнаның бастауымен Колледжімізде 2018 оқу жылынан бастап Ерекше білімді қажете ететін балаларды Арнайы және инклюзивті топқа тігінші мамандығына оқытуға қабылдады. Бұл студенттер 2018 жылы мүлдем естімейтін, сөйлемейтін студенттер қабылданды.олармен арнайы маман сурдопедагог жест арқылы жұмыс жасады.Қазіргі уақытта осы аталған топта Әлеуметтік ортаға бейімделу пәні,әлеуметтік тұрмыстық бағдарлану пәні,әлеуметтік кәсіби бағдарлану пәні жүргізіледі. Осы пәннен мен осы колледің педагог-психологы Калиева айнур Хайсаевна дәріс өткіземін.осы пәндерде қолданылатын әдіс –тәсілдеріммен қазір сіздермен бөліскелі тұрмын. Сонымен қатар Ерекше білімді қажет ететін студенттер тобы біртекті емес. Бұл ең алдымен оның дамуында түрлі ауытқулары бар: есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, интеллект бұзылыстары бар . Эмоционалды ерікті сфераның айқын бұзылулары бар дамудың кешігуі мен күрделі бұзылыстары бар балаларды қамтитындығын анықталады. Сонымен, мұндай балалармен жұмыс жасаудағы ең маңызды мәселе әр баланың денсаулығы мен психикасына көңіл бөлу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу үрдісінде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішіндегі ең қолайлы әдістер:
-сөйлесу әдісі
-ертегі терапиясы
-арт-терапиясы
-ойын жаттығулар топтық,рөлдік